Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2025 жылғы 5 мамыр Ақтау қ., 23 ш/а, № 40 ғимарат, № 212 кабинет мекен-жайы бойынша келесі маршруттардың конкурсы өтетіндігі туралы хабарлайды.
1-лот «Ақтау-Атырау» маршруты;
2-лот «Ақтау-Орал» маршруты;
3-лот «Ақтау-Ақтөбе» маршруты.
Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасының» талаптарына сәйкес келетін автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер Басқармаға конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Ақтау қ., 23 ш/а, №40 ғимарат, 217 кабинетке ұсынуы тиіс.
Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2025 жылғы 21 сәуір.
Тел.: 8 /7292/ 31 90 70. 8 /7292/ 31 90 41.
Эл.пошта: upt.ad@mangystau.gov.kz