Түпқараған ауданындағы Таушық ауылының көшелері толықтай диодты шамдарға ауыстырылды

Түпқараған ауданындағы Таушық ауылының көшелері толықтай диодты шамдарға ауыстырылды

Түпқараған ауданына қарасты Таушық ауылының көшелері электр үнемдегіш заманауи диодты шамдармен толықтай жарықтандырылды. - 2017 жылдың соңында Таушық ауылы Маңғыстау облысы бойынша өткізілген «Үздік ауыл» конкурсында жеңімпаз атанып, конкурстың қомақты сыйақысына ие болған еді. Конкурс шарты бойынша сыйақы ауылдың одан әрі көркейту, абаттандыру жұмыстарына жұмсалуы тиіс. Дәл осы мақсатта 2018 жылдан бастап ауыл көшелеріндегі 418 көнерген шамды заманауи диодты шамдарға ауыстырдық. Бұдан өзге көше шамдары демеушілердің қолдауымен жаңартылды. Қорыта айтқанда, ауылдағы 13 көше мен 1 орамның барлық көшелері электр үнемдегіш шамдарға қосылды. Түнгі мезгілде ауыл көшелерінің жарық болуы тұрғындар қауіпсіздігінің бірден бір кепілі саналады. Алдағы уақытта ауылды көркейту мақсатындағы өзге де жоспарларымыз бар,- деді Таушық ауылының әкімі Нұржан Бақтыбаев. Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі