МҰНАЙЛЫДА 10 ШАҚЫРЫМ ЖОЛДЫҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

МҰНАЙЛЫДА 10 ШАҚЫРЫМ ЖОЛДЫҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Мұнайлы ауданындағы Маңғыстау мен Басқұдық ауылдарын қосатын 10 шақырым көлік жолының жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Нұрбек Қарасаев мәлім етті. «Бұл бағытта бұдан бұрын да асфальт жол бар еді. Алайда ол жолдың сапасы нашарлаған. Қарама-қарсы бағыттағы көліктер еркін өте алмайды. Жөндеу жұмыстары кезінде жол кеңейтіледі. Жөндеуге жауапты мердігер мекеме жұмысын бастап кетті. Қазір ескі жолды сүріп тастап, астына құм төсеп, тегістеп жатыр», - деді Нұрбек Қарасаев. «Маңғыстау-Басқұдық» бағытындағы жол 4 жолақты болады. Оған 12 техника мен 15 қызметкер жұмылдырылған. Жөндеу жұмыстарына шартты түрде 3 ай мерзім берілген. Алайда мердігер мекеме жөндеу жұмысын белгіленген мерзімнен бұрын бітіруі мүмкін.

МҰНАЙЛЫ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ