Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің облыс аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы 2021 жылдың 15 шілдедегі №14 қаулысы жарияланды

Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің облыс аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы 2021 жылдың 15 шілдедегі №14 қаулысы жарияланды

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Ведомствоаралық комиссия «қызыл аймақтағы» өңірлерде карантиндік шектеулерді күшейту бойынша шаралар қабылдады, тоқтатылсын:

🔸 "Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, қалааралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және шағын автобус тасымалдары;

🔸 жабық жағажайлар мен аквапарктардың қызметі. Демалыс және мереке күндері қызметіне тыйым салынсын:

🔹 қоғамдық көліктің;

🔹 "Ashyq" жобасына қатысушыларды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілерінің;

🔹"Ashyq" жобасына қатысатындарды қоспағанда, фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің;

🔹"Ashyq" жобасына қатысатындарды қоспағанда, кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармониялардың, компьютерлік клубтардың, боулингтердің, бильярдтың, караокенің, көрмелердің;

🔹 "Ashyq" жобасына қатысушыларды, ашық базарларды, жәрмеңкелерді қоспағанда, ауданы 2000 м2 дейінгі азық-түлік емес тауарларды өткізу жөніндегі объектілердің;

🔹 "Ashyq" жобасына қатысушыларды қоспағанда, спорт объектілерінің (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары); 🔹білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының;

🔹«Ashyq» жобасына қатысатындарды қоспағанда, фудкорттардың. Жұмыс күндері қызметтері шектелсін:

🔸20-00 сағатқа дейін "Ashyq" жобасына қатысатын фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, спорт объектілерінің, бассейндердің;

🔸 ОСО, сауда үйлерінің, сауда желілерінің "Ashyq" жобасына қатысуына қарамастан сағат 18-00-ге дейін;

🔸«Ashyq» жүйесіне қатысатын қоғамдық тамақтану нысандары, фудкорттар – сағат 20-00 дейін, «Ashyq» жүйесіне қатыспайтындар- сағат 18-00-ге дейін.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ