Стамбулға жаңа рейс

Стамбулға жаңа рейс

Ақтау әуежайынан 2021 жылдың 23 шілдесінен бастап Стамбулға тұрақты рейс ашылатынын хабарлаймыз. Бұл рейсті «Turkish Airlines» авиакомпаниясы орындайды. «Turkish Airlines» Түркияның ірі әуе тасымалдаушысы болып табылады. Билеттерді қазірден бастап сатып алуға болады. Сондай-ақ, аталған әуе рейстері сейсенбі және жұма күндері тұрақты түрде қатынайтын болады.