Хабарландыру!!!

Хабарландыру!!!

Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына!

Осыған дейін 2021 жылдың 5 мамыры сағат 18:00-ден бастап Ақтау – Әуежай бағытындағы автомобиль жолы жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша 2 ай мерзіміне жабылатындығы хабарланған болатын. Алайда, күтпеген жұмыстардың пайда болуына байланысты жол жұмыстары 22 шілдеде аяқталатындығын назарыңызға береміз. Балама жол ретінде Ақтау – Форт-Шевченко жолы арқылы Сайын Шапағатов – Әуежай жолын пайдалануға кеңес береміз.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін алдын-ала кешірім сұраймыз.