«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңға сәйкес борышкер болып табылатын жеке тұлғаға, заңды тұлғаның басшысына (міндетін атқарушыға) қатысты Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша шектеулер көзделген (Заңның 33-бабы).
40 АЕК астам көлемдегі сомаға борышкердің атқару құжатын орындамауы және мерзімдік төлемдерді өндіру туралы атқару құжаттары бойынша борышкердің 3 айдан астам қарызы болуы мемлекеттен шығуға уақытша шектеу қоюға негіз болып табылады.
Уақытша шектелген борышкерлер туралы барлық ақпарат www.adilet.gov.kz, aisoip.adilet.gov.kz сайтында орналастырылған, олар арқылы қазіргі уақыт режимінде төленбеген қарыздарды өтеу тәртібімен танысуға болады. Танысу үшін 4 таңбадан тұратын ЖСН мен көрсетілген кодты енгізу жеткілікті.
Қарызды әуежайда, «Қазпочта» АҚ терминалдары арқылы және www.kaspi.kz, www.post.kz сайттары немесе POST.kz мобильді қосымшалары арқылы өтеуге болады. Төлемнен кейін тыйым автоматты түрде 30 минут ішінде алынады (Интернет желісінде техникалық ақаулар болмаған жағдайда).
Осыған байланысты, елден аман-есен ұшып шығудың жағымсыз салдарларын болдырмау мақсатында, мемлекет шекарасынан шығуға қойылған шектеудің бар, жоғы туралы www.adilet.gov.kz, aisoip.adilet.gov.kz сайтынан алдын-ала тексеру қажеттігі туралы хабарлаймыз!