ФОРТ-ШЕВЧЕНКО ҚАЛАСЫНДА ЖАРЫҚ ДИОДТЫ 1434 ШАМ ОРНАТЫЛАДЫ

ФОРТ-ШЕВЧЕНКО ҚАЛАСЫНДА  ЖАРЫҚ ДИОДТЫ 1434 ШАМ ОРНАТЫЛАДЫ

Форт-Шевченко қаласында жарық диодты 1434 шам орнатылады. Бұл бастама Бүкіләлемдік банктің қолдауымен жүзеге асады. Бұл туралы Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Қала аумағында орналасқан бағаналардағы шамдарды орнату жұмыстары маусым айында басталады деп жоспарланып отыр. Жұмысты екі айда тапсыру көзделген.


«Жоба Электр үнемдеу институтына «Түпқараған аудандық электр жүйесі» МКК тарапынан ұсынылды. Демеушілік бұл бастамаға шамамен 2 жылдан кейін Бүкіләлемдік банктен көрсетіліп отыр. Жоба құны 160 миллион теңге. Айта кетейік, жобаға жергілікті бюджеттен қаражат бөлінбеді»,- деді «Түпқараған аудандық электр жүйесі» МКК басшысы Асқар Ещанов.


ТҮПҚАРАҒАН АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ