АҚТАУДА БИЫЛ 10 000 ШАРШЫ МЕТР ЖОЛ ШҰҢҚЫРЫ ЖӨНДЕЛЕДІ

АҚТАУДА БИЫЛ 10 000 ШАРШЫ МЕТР ЖОЛ ШҰҢҚЫРЫ ЖӨНДЕЛЕДІ

Жалпы, Ақтау қаласындағы орталық көше бойындағы автомобиль жолының  ұзындығы 209 шақырымды құрайды.
Биыл  қала бойынша автокөлік жолындағы 10 000 шаршы метр (м2) шұңқыр жабылып, қалпына келтіру жұмыстары жасалады. Бұл мақсатта 62 млн.тг қаралды. Аталған жұмыстар наурыз айында басталды. Енді жыл соңына дейін жалғасатын болады. Қазіргі кезге дейін 2350 шаршы метр (м2) орындалды.  
Бұл былтырғымен салыстырғанда 3 есе көп жұмыс. 2020 жылы 3 000 шаршы метр (м2)  жасалған болатын.
 
Сондай-ақ, жол таңбаларын (разметка) сызу жұмыстары да жүргізілуде. Биыл жалпы көлемі 39 794 шаршы метр (м2) жол таңбаларын жаңарту жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар сәуір айынан басталып, бүгінгі күнге дейін 8210,5 шаршы метр (м2) жасалды.
 
Сонымен қатар, автомобиль жол бойында 380 жаяу жүргіншілер өтпесі бар. Оның бүгінгі күнге дейін 161 жаяу жүргінші өтпесі қайтадан сырланды. Аталған жұмыстар кестеге сәйкес жалғасатын болады.
 
Сонымен қатар, 2020 жылы №21, 6 жол (26*24*28а ш/а жол қилысынан 22 ш\а дейінгі) 2,5 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жасалды.
 
Биыл халықтың сұрайтын, Шығыс-2,3 шағынаудандарының автомобиль жолының құрылысын салу басталады. Ол бойынша жергілікті бюджеттен қаражатының бір бөлігі бөлінді.
 
Сондай-ақ, «Рауан» тұрғын-үй массивінің ішкі автомобиль жолының құрылысын салу бойынша жұмыстар 2020 жылы басталған болатын. Бүгінгі күні «Ауыл Ел Бесігі» бағдарламасы аясында қаражаты қаралып құрылыс жұмыстары жалғасатын болады.
 
Орталық көшелердегі жолдардан бөлек, шағынаудандар іші де тыс қалмайды.  2020 жылы 5 шағынауданның (2, 6, 7, 12, 26, 27) автокөлік жолдары мен жаяу жүргіншілер жолдары қалпына келтіріліп, ойын және спорт алаңдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстар 2021 жылы қайтадан жалғасады. «NCOC» компаниясының демеушілігімен тағы 5 шағынауданды аббатандыру жоспарлануда. (5, 8, 9, 13, 28 шағынаудандар)

Сонымен қатар, 1, 4, 14, 22, 28а, 29 шағынаударды аббаттандыру бойынша жобалық сметалық құжаттама жасақталуда және 1а, 3, 3а, 3б шағынаудандар аббаттандыру бойынша жобалық сметалық құжаттама жасақтау жоспарлануда.