МАҢҒЫСТАУДА КӨКТАЙҒАҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ

МАҢҒЫСТАУДА КӨКТАЙҒАҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ

Ауа райының нашарлауына байланысты Бейнеу ауданының Боранқұл ауылынан Атырау облысының шекарасына дейінгі республикалық маңызы бар автожол учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелген.
«Жүргізушілерден ауа-райын бақылап, ерекше қажеттіліксіз шықпауды сұраймыз. Дауыл туралы ескерту хабарламаларды елеп және сақтық шараларын сақтаңыз. Өңірдің жергілікті полиция қызметі Маңғыстау тұрғындары мен қонақтарын жол жүру ережелерін сақтауды және жолдарда мұқият болуды сұрайды», - деп хабарлайды Маңғыстау облысының Полиция департаменті.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ