ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ БІРЛЕСТІКТЕРІ МЕН ӨЗГЕ ДЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ БІРЛЕСТІКТЕРІ МЕН  ӨЗГЕ ДЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ  НАЗАРЫНА!

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу жүргізіледі.

Аккредиттеуге қатысуға қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар жіберіледі.

Аккредиттеуді алу үшін өтініш беруші жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу жөніндегі комиссияға ұсынады:

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен бекітілген Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өту үшін өтініш;
  2. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) құрылтай құжаттарының және мемлекеттiк (есептік) тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшiрмелерiн;
  3. Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін ұсынады.

Қоса беріліп отырған ақпаратпен бірге өтініштерді тапсыру мерзімі 2025 жылғы 25 ақпаннан бастап 2025 жылғы 11 наурызды қоса алғанда.

Қосымша ақпарат алу үшін Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасына 46-25-50, +7 702 724 51 05 телефондары арқылы хабарласуға болады.