Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасымен көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі:
Жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жүргізу тәртібі
Инженерлік инфрақұрылымды дамыту қызметін экономиканың басым секторларында, өңдеу өнеркәсібінің салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде жүзеге асыратын кәсіпкерлер, сондай-ақ жобаларын моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде іске асыратын кәсіпкерлер үшін салалық шектеусіз және кәсіпкердің тіркелген жерін есепке алмай жүзеге асырылады.
Жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жүргізу шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің объектілері аумағының шекарасына дейін жүзеге асырылады, бұл ретте кәсіпкерлік объектісінің аумағының ішінде инженерлік инфрақұрылым жүргізуге қаражат бөлу көзделмейді.
Инженерлік инфрақұрылымды аумақтың шекарасына дейін және индустриялық аймақ ішінде жүргізу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жергiлiктi бюджеттен қоса қаржыландырылып, республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Инфрақұрылым жүргізуге бөлінген қаражат келесілерге бағытталады:
су бұру,
сумен жабдықтау (сумен жабдықтау үшін ұңғыма бұрғылау),
газдандыру,
су таратқыштар,
бу құбырлары,
жылумен жабдықтау,
су құбырлары,
теміржол тұйықтары,
кірме теміржолдар,
телефон желілері,
қосалқы электр станциялары,
электр беру желілері,
септиктер,
бу-газ қондырғылары инфрақұрылымын салуға (реконструкциялауға).
ЖЕТІСПЕЙТІН ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖҮРГІЗУ МЫНАДАЙ ӨЛШЕМШАРТТАРҒА САЙ КЕЛЕТІН ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖОБАЛАРЫ ҮШІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ:
1) жобаға салынған инвестициялардың көлемі 200 (екі жүз) миллион теңгеден асады;
2) инфрақұрылым салудың (реконструкциялаудың) құны 50 (елу) миллион теңгеден асады, бұл ретте Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынымы бойынша жобалар үшін 5 (бес) миллиард теңгеден аспайтын сомадағы инфрақұрылым салуды (реконструкциялауды) қоспағанда, инфрақұрылымды (коммуникациялардың барлық түрлеріне) салудың (реконструкциялаудың) ең көп сомасы 1 (бір) миллиард теңгеден аспауға тиіс;
3) жобалар құрылысының әзірлік дәрежесі 30 %-дан кем болмауға тиіс.
ЖЕТІСПЕЙТІН ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖҮРГІЗУ МЫНАДАЙ ӨЛШЕМШАРТТАРҒА САЙ КЕЛЕТІН ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫ ҚҰРУ НЕМЕСЕ ДАМЫТУ ЖОБАЛАРЫ ҮШІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ:
1) жобаға салынған инвестиция көлемі 10 (он) миллиард теңгеден кем емес;
2) инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны 1 (бір) миллиард теңгеден кем емес, бірақ 10 (он) миллиард теңгеден аспайды;
3) жобалар құрылысының әзірлік дәрежесі кемінде 30 %.
МЫНАДАЙ ӨЛШЕМШАРТТАРҒА САЙ КЕЛЕТІН ЗАМАНАУИ ФОРМАТТАҒЫ САУДА ОБЪЕКТІЛЕРІН САЛУ ЖОБАЛАРЫНА ЖЕТІСПЕЙТІН ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖҮРГІЗУГЕ ЖОЛ БЕРІЛЕДІ:
1) Астана, Алматы және Шымкент қалаларында – сауда алаңы кемінде
3 (үш) мың шаршы метр;
2) облыстарда – сауда алаңы кемінде 1 (бір) мың шаршы метр.
КӘСІПКЕР ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖҮРГІЗУ ҮШІН ЖЕТІСПЕЙТІН ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН ӨТІНІШПЕН ӨҢІРЛІК ҮЙЛЕСТІРУШІГЕ ЖҮГІНЕДІ, ОНДА МЫНА ҚҰЖАТТАР ҚОСА БЕРІЛЕДІ:
1) бизнес-жоспар;
2) жобаның ТЭН-і;
3) жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама;
4) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің объектісі бойынша жобалау-сметалық құжаттама;
5) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің объектісі бойынша орындалған жұмыстардың актілері;
6) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде шеккен шығыстар бойынша төлем шоттары.