Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін өтінімдер қабылдауды жариялайды.
Өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығымен бекiтiлген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033105
Құжаттарды қабылдау: «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ;
Мекен-жайы: 130000 Ақтау қаласы, 14 ш/а 1 ғимарат, 306 кабинет
Электрондық пошта мекен-жайы: a.sarbayev@mangystau.gov.kz,
Тел.: 8 /7292/ 46-25-50 (1179)
Құжаттарды ұсыну мерзімі: 2024 жылғы 1 желтоқсаннан 15 желтоқсанға дейін
жұмыс күндері - 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас, 12.30-дан 14.00-ге дейін.)