Құрметті қыз-келіншектер мен кәсіпкерлер! Сіздерді арнайы тегін бизнес-оқуға шақырамыз!
Биылдан бастап «Мен - кәсіпкер» жобасы аясында 200-ден астам азаматқа қызмет көрсетілмек. Бұл жаңа жоба бойынша тегін оқуға қыз-келіншектер мен кәсіпкерлер қатыса алады.
Жоба аясында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын немесе айналысқысы келетін қыз-келіншектер мен кәсіпкерлерге арнайы кеңесшілер консультация береді. Қажеттілігіне қарай тегін оқытылып, арнайы оқудан өткендігін растайтын сертификат табысталады.
Тегін бизнес-оқуға қызығушылық танытқан қыз-келіншектер мен кәсіпкерлер Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасына хабарласуына болады. Телефон: 8 775 400 35 32. Мекен-жайы: Ақтау қаласы, 35 шағын аудан, «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы, 1 қабат.
Қазіргі таңда оқуға қатысу үшін тіркеу жұмыстары басталғандығын хабарлаймыз.