Мемлекеттік қызметшілерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Мемлекеттік қызметшілерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Ағымдағы жылдың 03 мамыр күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру барысында кездесу өтті.

         Кездесуге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының бірініші орынбасары Б.Кенжетаев, Маңғыстау облысының индустриалдық-инновациялық даму басқармасы, Кәсіпкерлік және сауда басқармасы, Туризм басқармасы және Ішкі саясат басқармасының басшылары мен қызметкерлері қатысты.

         Іс-шараның мақсаты - қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіру.  

         Кездесу барысында Департамент өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларға енгізілген өзгерістер, жемқорлықтың орын алу жағдайлары мен оның алғышарттарын жою жөнінде және қызмет бабын пайдаланып сыйлық алып, ол сыйлықты бергендерге жаза бар екенін жан-жақты түсіндіріп өтті. 

         Шара соңында тақырыптық бағыттағы бейнеролик көрсетілді және сұрақтарға жауап берілді.