"Бір ауыл-бір өнім" жобасын іске асыру мақсатында кәсіпкерлермен кездесу

"Бір ауыл-бір өнім" жобасын іске асыру мақсатында кәсіпкерлермен кездесу

Бүгін Қазақстан Республикасының әйел кәсіпкерлігін дамыту мақсатында Түпқараған ауданының ауылдарында   арнайы бекітілген «Бір ауыл-бір өнім» жобасын іске асыру үшін кәсіпкерлермен кездесу өтті.

Аталған кездесугеМаңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының орынбасары П.Сансызбаев, жоспарлау және мемлекеттік қызметтер бөлімінің бас маманы А.Ерниящова өкілдері, Түпқараған ауданының әкімі Р.Т.Елтизаров, Маңғыстау облысының іскер әйелдер кеңесінің төрағасы С.Х.Салихова Құрық ауылындағы «Бір ауыл-бір өнім» жобасының жетекшісі Ж.Жапарова, «Қолдау» орталығы жеке меншік мекемесінің директоры М.Елеусинова қатысты.

Іс-шара мақсаты жергілікті өнімнің сапасын арттыру, жергілікті брендтерді құру, маркетинг және нарықтағы өнімнің құндылығын арттыру үшін аудандағы ірі, орта кәсіпкерлік мекемелерге таныстыру, сұранысқа ие бірегей сапалы өңірлік өнімді жасауға ауыл тұрғындарын тарту.

Іс-шара аясында аудандық кәсіпкерлер түрлі бағыттағы қолөнер бұйымдары, сүт өнімдерінен жасалған  ірімшік, сүзбе, шұжық өнімдері, балық өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіліп, кәсіпкерлерге, аудан тұрғындарына мемлекеттік бағдарламалар, мемлекеттік гранттар алу мүмкіндігі туралы түсінік жұмыстары жүргізілді.