Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау туралы

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау туралы

01.06.2020 ж. дейін - айыппұл мен өсімпұл есептемей салық және басқа да шағын және орта бизнестің міндетті төлемдерінің барлық түрлерін төлеу мерзімі ұзартылды;

01.06.2020 ж. дейін - қалыптасқан теріс жағдайдан зардап шеккен ШОБ-тің барлық кредиттері бойынша негізгі борыш пен сыйақы сомаларын төлеу тоқтатылды;

01.06.2020 ж. дейін - салық хабарламаларын орындау кейінге қалдырылды;

20.06.2020 ж. дейін - ШОБ субъектілері үшін жергілікті атқарушы органдарға және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі жылжымайтын мүлік объектілері бойынша жалдау төлемдерін есептеу тоқтатылды;

15.08.2020 ж. дейін - мерзімінде орындалмаған салық міндеттемелері бойынша өсімпұл есептеу тоқтатылды және салық есептілігін тапсыру мерзімі 2020 жылдың 3 тоқсанына ауыстырылды;

01.10.2020 ж. дейін -  экономиканың ең көп зардап шеккен салаларында (қоғамдық тамақтану, жекелеген сауда секторлары, көлік қызметтері, консультациялық қызметтер, IT секторы, қонақ үй бизнесі, туризм және т.б.) шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтар мен басқа төлемдерді есептеу және төлеу тоқтатылды;

01.10.2020 ж. дейін - әлеуметтік маңызы бар тауарларды сату және әкелу бойынша айналым жасау кезінде 8% ҚҚС (қосымша құн салығы) белгіленді;

31.12.2020 ж. дейін - бензинді (авиациялықты қоспағанда), экспортқа сатылған дизель отынын өндірушілер акциздер төлеуден босатылды;

31.12.2020 ж. дейін - төменде көрсетілген салықтар босатылды:

1) ірі сауда орындарындағы, сауда және ойын-сауық орталықтарындағы, кинозалдардағы, театрлардағы, көрмелердегі және дене шынықтыру және спорттық-сауықтыру кешендеріндегі заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер мүлік салығынан;

2) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер салығынан;

3) жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінде жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлер жеке табыс салығынан босатылды.