1-санаттағы ӘКС – азаматтардың мынадай санаттарын:
- мүгедектігі бар адамдарды;
- мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді;
- зейнеткерлерді және зейнеталды жастағы азаматтарды (жасына байланысты зейнетақы
төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл бойы);
- балалар ауылдарының тәрбиеленушілерін және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата
анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерін – жиырма тоғыз жасқа дейін;
- қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған
адамдарды – босатылғаннан кейін он екі ай ішінде;
- белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды;
- аз қамтылған, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналарды және
басқа да заңды өкілдерді, сондай-ақ "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарды;
- наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға
белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдарды – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде;
- қандастарды жұмыспен қамтуға ықпал ететін ӘКС
Қажетті шарттар (алдыңғы жылғы):
Жұмыспен қамтылғандар саныы ХӘОТ санынан кемінде 50% (бірақ ХӘОТ-қа жататын кемінде 2 адам)
ХӘОТ еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстардың үлесі ЕА қорының 25%- ынан кем емес
2 - санаттағы бірінші санаттан ӘКС –өндіретін тауарларды, орындайтын жұмыстарды, көрсететін қызметтерді өткізуге ықпал ететін ӘКС
Қажетті шарттар (алдыңғы жылғы):
Көрсетілген қызметтен түскен кірістің үлесі жалпы кірістің 50% - ынан кем емес
Таза кірістің үлесі көрсетілген кірістің кемінде 50-ын құрайды (болған жағдайда)
3 - санаттағы ӘКС –тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ӘКС
- тұрмыста тыныс-тіршілікті қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету жөніндегі;
- күтімді ұйымдастыру, сауықтыру іс-шараларын жүргізуге жәрдем көрсету, азаматтардың денсаулық жағдайының өзгеруін анықтау үшін жүйелі түрде байқау арқылы денсаулықты қолдауға және сақтауға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтерді көрсету жөніндегі;
- әлеуметтік ортаға бейімдеу үшін психологиялық жай-күйін түзетуде көмек көрсетуді көздейтін әлеуметтік-психологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі;
- мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың профилактикасына бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметтерді көрсету жөніндегі;
- жұмысқа орналасуда және еңбекте бейімделуге байланысты өзге де проблемаларды шешуде көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтерін көрсету жөніндегі;
- коммуникациялық әлеуетті арттыруды, оңалту мен әлеуметтік бейімдеуді көздейтін қызметтерді, әлеуметтік қолдап отыру бойынша қызметтерді көрсету жөніндегі;
- аурулардың профилактикасы, мүгедектігі бар адамдарды оңалту, оның ішінде мүгедектігі бар балаларды медициналық абилитациялау үшін ғана пайдалануға болатын медициналық техниканы, протездік-ортопедиялық құралдарды, цифрлық денсаулық сақтау саласындағы бағдарламалық қамтылымды, сондай-ақ техникалық құралдарды өндіру және (немесе) өткізу жөніндегі;
- мүгедектігі бар адамдар мен зейнеткерлердің демалысын және оларды сауықтыруды ұйымдастыру жөніндегі;
- қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі;
- мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектелген топтары үшін әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділігі
Қажетті шарттар(алдыңғы жыл):
Көрсетілген қызметтен түскен кірістің үлесі жалпы кірістің 50% - нан кем емес
Таза кірістің үлесі көрсетілген кірістің кемінде 50% - ын құрайды(боған жағдайда)
4 - санаттағы Мынадай қызмет түрлерінде жұмысты жүзеге асыратын:
- отбасын нығайтуға, балалардың отбасында тәрбиеленуін қамтамасыз етуге және ана мен баланы қолдауға бағытталған психологиялық-педагогикалық және өзге де қызметтерді көрсету жөніндегі;
- балалардың демалысын және оларды сауықтыруды ұйымдастыру жөніндегі;
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі;
- мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, негізгі орта және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын меңгеруде, дамуда және әлеуметтік бейімделуде қиналатын білім алушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық және әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі;
- әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың қызметтер ұсыну сапасын арттыруға бағытталған, осы ұйымдардың қызметкерлері мен еріктілерін (волонтерлерді) оқыту жөніндегі;
- мәдени-ағартушылық (оның ішінде, жеке музейлердің, театрлардың, кітапханалардың, архивтердің, мектеп-студиялардың, шығармашылық шеберханалардың, ботаникалық және зоологиялық бақтардың, мәдениет үйлерінің, халық шығармашылығы үйлерінің қызметі);
- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі;
- халықтың әлеуметтік осал топтарына гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсету, денсаулық және ұзақ өмір сүру орталықтарын, саламатты өмір салтын жүргізу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі қызмет түрлерінің ішінен жүзеге асырады.
Қажетті шарттар (алдыңғы жылы):
Көрсетіген қызметтен түскен кірістің үлесі жалпы кірістің 50% - ынан кем емес
Таза кірістің үлесі көрсетілген кірістің кемінде 50% - ын құрайды (болған жағдайда)