КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

 

      Конкурсты ұйымдастырушы: “Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы” мемлекеттік мекемесі

      электрондық пошта мекенжайы: s.upt@mangystau.gov.kz

      байланыс телефоны: 8/7292/314698.8/776/5449465

      Конкурстың нысанасы: 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.

      Конкурс нысаны: ашық конкурс.

      Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беру орны: Qoldau.kz субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы.

      Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінім мен конкурстық құжаттаманың толық топтамасын ұсынады.

      Өтінімдерді ұсыну мерзімдері: 2022  жылғы 15 маусымнан бастап 2022 жылғы 28 маусым аралығында.

      Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылдануға жатпайды.

      Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен өңірлік үйлестірушінің ресми сайтында танысуға болады:  https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-upp?lang=ru және ресми әлеуметтік желілерінде

 www.instagram.com/mangystau.business .  https://www.facebook.com/kasipkerlikjane.saudabasqarmasy