
Маңғыстау облысының әкімдігімен ҚР Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар Кеңесінің отырысында берілген 2019 жылдың 24 мамырында берілген ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Алихан Сұлтанмұратұлы Қыраубаевтың төрағалығымен алғаш рет «Бірыңғай есеп күні» өтті.
Кездесуге бизнес, прокуратура, құқықтық статистика комитетінің басқармасы, полиция департаменті, мемлекеттік кірістер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, әділет, экология, төтенше жағдайлар, өнеркәсіптік қауіпсіздік. Мемлекеттік қызмет, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сапасын бақылау, жер қойнауын пайдалану, экономикалық зерттеу басқармаларының, еңбек инспекциясының, сәулет және қала құрылысы басқармаларының өкілдері шақырылды.
Бірыңғай Есеп күнін өткізу мақсаты мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша заңнамалардың міндетті талаптарын бұзушылықтардың жүйелік профилактикасын дамыту, қадағалау-бақылау реформасын іске асыру аясында кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп мемлекеттік органдардың кері байланысты қалыптастыру.
Кездесу барысында кәсіпкерлер өздеріне қызықтыратын сұрақтарын қойды, кеңестер алып, ҚР заңнамасына енгізілген өзгерістермен танысты.
Болашақта Бірыңғай есеп күні тоқсан сайынғы негізде өткізу жоспарлануда.