Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту туралы

Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының  мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының  8-бабы 2-тармақшасы), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11245 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес және Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту жөніндегі Комиссияның 2021 жылғы 16 наурыздағы ұсынымының негізінде Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Күнбағыс майы» әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағасы 30 (отыз) күнтізбелік күн мерзімге 783 теңге мөлшерінде бекітілсін.
  2. «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Маңғыстау облысының Әділет департаментіне мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Маңғыстау облысының әкімі                                                     С. Трұмов