МАҢҒЫСТАУДА ҚАНТ ӨНДІРІЛЕ БАСТАДЫ

МАҢҒЫСТАУДА ҚАНТ ӨНДІРІЛЕ БАСТАДЫ

Жаңаөзендегі “Орда” қант зауыты алғашқы өнімін шығарды. Іске қосылған зауыт жергілікті нарықты жылына 3600 тонна қант шығаруға қуатты. Қазіргі таңда кәсіпорында 35 Жаңаөзендік азамат жұмыспен қамтылған. Өңірде азық түлік қауіпсіздігі өзекті мәселелердің бірі, зауыт толық қуатымен жұмыс жасаса, мәселе оң шешімін табады. Бұл жоба “Қарапайым заттар экономикасы” бағдарламасы аясында іске асты. Алдағы уақытта кәсіпорынға “Еңбек”, “Бизнестің жол картасы” бағдарламалары арқылы қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар, жаңа жергілікті қант өнімі өңір дүкендері сөрелерінде сатылады.