Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелер

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелер
Бүгінгі күнге, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелер және берешектердің жалпы сомасы 50,3 млрд.теңгені құрады. Оның ішінде: ұзақ мерзімді 44,3 млрд.теңге, қысқа мерзімді 6,0 млрд.теңге.
2021 жылғы мамыр айында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген кредиттер сомасы 4,1 млрд. теңгені немесе орташа есеппен 16%-ды құрайды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда кредиттер сомасы 2,1 есеге ұлғайды (2020 жылғы мамыр – 1,98 млрд.теңге), оның ішінде ұзақ мерзімді кредиттер сомасы 2020 жылғы мамырдағы 0,9 млрд.теңгеден 2021 жылғы мамырда 3,1 млрд. теңгеге дейін 3,4 есе өсу серпінін көрсетті. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелер Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының тұрақты бақылауында.
2021 жылғы мамырдағы салалар бөлінісінде кредиттердің жалпы сомасы келесідей: Өнеркәсіпте – 743,0 млн.теңге, Ауыл шаруашылығы - 18,0 млн.тг, Құрылыс - 99,0 млн.тг, Сауда - 1 339,0 млн.тг, Көлік – 207,0 млн.тг, Байланыс - 77,0 млн.тг,
Басқалары - 1 620,0 млн.тг.