Бүгін облыс әкімдігінде мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы бойынша екінші деңгейлі банктердің басшыларымен кездесу өтті.
Кездесу барысында «Бизнестің жол картасы» бағдарламсы және «Қарапайым заттар экономикасы» механизмі шеңберінде қолдау алған жобалар бойынша Форте Банк және БанкЦентрКредит директорларының есептері тыңдалды. Кездесу қорытындысында Мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген қаражатты «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен бірлесіп толық игеру, сонымен қатар «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жоспарлы көрсеткішке қол жеткізу үшін бірігіп жұмыстарды атқару тапсырылды.