
Ағымдағы жылдың 2 ақпан күні Басқарма қызметкерлері ЖСДП МОФ төрағасымен бірлесіп, Мұнайлы ауданы мен Ақтау қаласындағы «әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін» және «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасы шеңберінде 2024 жылы мемлекет тарапынан грант алған кәсіпкерлердің жобаларының қазіргі жай-күйімен танысты.
Кездесу барысында кәсіпкерлердің өндірістік үдерісі, жобалардың іске асырылу деңгейі, сондай-ақ ұсыныстары тыңдалды және мемлекеттік қолдау аясындағы өз пікірлерін білдірді.
Шара аясында облыстық ЖСДП төрағасы кәсіпкерлердің көтерген мәселелері мен білдірген пікірлеріне жауап беріп, өзара пікір алмасу жүргізілді.
Аталған шара өңірдегі кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсетуге, шағын және орта бизнесті нығайтуға, сондай-ақ кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты күшейтуге бағытталды.