
Ағымдағы жылдың 5 ақпан күні Кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы П. Сансызбаев және азық-түлік тауарларына баға белгілеудің барлық тізбегіндегі делдалдық схемаларды тергеп-тексеру комиссия мүшелерімен Ақтау қаласында жүрмелі комиссия өткізілді.
Жүрмелі комиссия барысында 12-шағын ауданда орналасқан «Анвар» гипермаркетінде, 28-шағын аудандағы «Аман», сондай-ақ 26-шағын аудандағы «Алтын фуд» супермаркеттерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізілді.
Мониторинг аясында 2026 жылдан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі 31 атауға дейін ұлғайтылғаны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.