КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Конкурсты ұйымдастырушы: «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ
Электрондық пошта мекенжайы: upitakimat@gmail.com
Байланыс телефоны: 8 (775) 464-87-51,
8 (702) 174 45 78
Конкурстың нысанасы: әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі және “Бір ауыл-бір өнім” бағдарламасының финалисті болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне мемлекеттік грант беру.

Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беретін орын: kezekte.kz субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы арқылы электронды түрде.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінімді және толық конкурстық құжаттар топтамасын ұсынады.

📅Өтінім беру мерзімі: 2025 жылғы «01» қазаннан бастап 2025 жылғы «10» қазанға дейін қоса алғанда.
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.
Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен өңірлік үйлестірушінің: https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-upp/documents/details/735818?lang=kk ресми сайтында танысуға болады.