
Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен өңірде «Риза-Ана» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Әлеуметтік кәсіпкерлік - қоғамға деген қажеттілік» жобасы іске асырылуда.
Аталған жоба аясында Қарақия ауданының әлеуетті кәсіпкерлерімен кездесу өтті. Іс-шара «Әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша оқу іс-шараларын өткізу» бағыты аясында өтті.
Кездесудің мақсаты халықтың әлеуметтік кәсіпкерлік мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыру, сондай-ақ қоғамға пайда әкелетін және бұл ретте экономикалық тұрғыдан өміршең болып қалатын тұрақты әлеуметтік жобаларды құру үшін қажетті білім мен дағдыларды дамыту болды.
Іс-шараға қатысушылар мемлекеттік қолдау тетіктері, әлеуметтік бизнесті жүргізудің ерекшеліктері және өңірде және бүкіл ел бойынша табысты бастамалардың үлгілері туралы ақпарат алды.