Сіздерді, бақылау-қадағалау қызметін реформалауды жүзеге асыру аясында мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі заңнаманың міндетті талаптарын бұзуды жүйелі түрде алдын-алуды дамыту, тұрақты қауіпсіз қызметті іске асыру үшін кәсіпкерлердің және ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында өткізілетін «Есеп берудің бірыңғай күні» іс-шарасына шақырамыз!
Шараны өткізу нысаны – бақылау және қадағалау органдарының, олардың мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерін кәсіпкерлік субъектілерімен талқылау және бизнес-қауымдастықпен кері байланысты қалыптастыру бойынша өткізілетін кездесу.
📍Болатын жері: Ақтау қаласы, 35 ш/а орналасқан «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ғимараты, 2-қабат, конференц-зал.
⏰Уақыты: 2025 жылғы 25 қыркүйек, сағат 10:00 (тіркелу 09-30).