Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасына азаматтардан келіп түсетін өтініштер бойынша келесілер мәселелер жиі қойылады.
Өз бизнесіңізді ашу үшін мемлекеттік грант алу - Мемлекеттік қайтарымсыз гранттар әлеуметтік кәсіпкерлерге және "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының финалистері болып табылатын кәсіпкерлерге беріледі. Өтінімді толықтай автоматтандырылған "Kezekte.kz" веб-платформа арқылы өтінім жолдайды. Грант қаражатын Ережеде көрсетілген тыс нәрселерге жұмсауға болмайды. Қолдаңыстағы Ережеге сәйкес 5 млн.теңгеге дейінгі өтеусіз грантқа өтінімді енді әлеуметтік кәсіпкерлер мен "Бір ауыл — бір өнім"жобасының финалистері бере алады.
Грант тек бизнесті дамытуға бағытталуы мүмкін, соның ішінде:
Грант алудың міндетті шарттары:
Қажетті құжаттар: 1. Өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама; 2. Бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландырудың бар екенін растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар-жоғы туралы банктік шоттан үзінді-көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және (немесе) жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар; 3. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі немесе "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының финалисі болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде кәсіпкердің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі. Пайдаланушылар жеке кабинетте тіркелу үшін мынадай мәліметтерді:
Мемлекеттік қайтарымсыз грант алу мақсатында өтінімді жолдау - Өтінімді толықтай автоматтандырылған веб-платформа арқылы өтінім жолдайды. Веб-портал – Интернет желісінде орналастырылған, субсидиялаудың ақпараттық жүйесін қолжетімді ететін интернет-ресурс яғни, "www.kezekte.kz" порталы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік грант алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге PDF форматында сканерленген мынадай құжаттардың көшірмелерін тіркейді:
Әлеуметтік кәсіпкерлер тізіліміне ену - ЖК, ЖШС, қоғамдық бірлестіктер мен қорлар әлеуметтік кәсіпкер бола алады. Ол үшін БК төрт санатының бірін таңдап, әлеуметтік жоба ретінде бір жыл жұмыс істеу, кірісті көрсету және Әлеуметтік кәсіпкерлер тізіліміне енгізу үшін құжаттар жинау қажет. "ЖК, ЖШС, қоғамдық бірлестіктер мен қорлар әлеуметтік кәсіпкер бола алады. Ол үшін БК төрт санатының бірін таңдап, әлеуметтік жоба ретінде бір жыл жұмыс істеу, кірісті көрсету және Әлеуметтік кәсіпкерлер тізіліміне енгізу үшін құжаттар жинау қажет. Әлеуметтік кәсіпкерліктің барлық санаттары халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс істейді:
зейнеткерлер мен зейнеткерлік жас алдындағы адамдар,
тұрғылықты жері жоқ адамдар,
нашақорлықтан емделуден өткен адамдар,
мүгедек балалардың ата-аналары мен қамқоршылары,
29 жасқа дейінгі балалар үйінің түлектері,
бұрынғы тұтқындар,
мүгедектер,
жалғыз басты аналар, көп балалы аналар және тұрмысы төмен әйелдер,
қандасы.
Әлеуметтік кәсіпкер болып танылу үшін қойылатын талаптар -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсірген кәсіпкерлік субъектілерге қарастырылған шаралар - Әлеуметік маңызы бар азық-түлік тауарларыың бағсын негізсіз өсірген кәсіпкерлік субъектілерге Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-4 бабына сәйкес сауда орындарына ӘМАТ-на 15% мөлшерінде сауда үстемесі асырмау бойынша - айыппұл қарастырылған; Жеке кәсіпкерлер және шағын бизнес - айыппұл 5 АЕК мөлшерінде; Орташа бизнес-35 АЕК; Ірі сауда желілері-150 АЕК).
Өңірдегі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері, олардың өту деңгейі, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне жергілікті тауар өндірушілерінің шығуы - Өңірде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері, барлық қала аудандарда белгіленген күндері ұйымдастырылуда. Азық-түлік жәрмеңкесіне көтерме жеткізуші кәсіпкерлік субъектілер, азық-түлік тауар өндірушілері, шаруа қожалықтары шығып өз өнімдерін сатуда. Жәрмеңкелерде азық-түлік тауарларының бағасы нарықтан 10-15% төмен. Ағымдағы жылы, апта сайынғы негізде әр аудан және қала орталықтарында (Ақтау қаласы- 26 ш.а. Қасиет медициналық орталығының жаны, Жаңаөзен қаласы-Кендірлі ауылы, Сақ базарының жаны, Бейнеу ауданы- Бейнеу ауылы, Қилыбай көшесі, Қарақия ауданы- Құрық ауылы, С.Датұлы көшесі автотұрақ алаңы, Жетібай ауылы, Жаңақұрылыс ш.а. әлеуметтік базар, Маңғыстау ауданы- Шетпе ауылы жәрмеңке алаңы, Мұнайлы ауданы- Батыр ауылы Самал ш.а. Түпқараған ауданы Ф.Шевченко қаласы, орталық алаң) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері мен көтерме жеткізушілер және шаруа қожалықтардың қатысуымен – 157 рет жәрмеңкелер өткізілді.
Ақтау қаласының әкімдігімен ағымдағы жылдың 4 сәуір күні Ақтау қаласы 26 шағын аудандағы азық-түлік жәрмеңкесінің сауда орны жаңартылып, жәрмеңке алаңы сөрелері, сыртқы қоршаулары жаңартылып жаңа жәрмеңке орнының ашылуы болды. Бұрын жәрмеңке сөрелері 40 сауда орыны болса, қазіргі таңда 80 орынға кеңейтілді. Жәрмеңкеге жергілікті тауар өндірушілер, көтерме жеткізушілер және шаруа қожалықтарға орын берілді.
- Ағымдағы жылы, апта сайынғы негізде әр аудан және қала орталықтарында (Ақтау қаласы- 26 ш.а. Қасиет медициналық орталығының жаны, Жаңаөзен қаласы-Кендірлі ауылы, Сақ базарының жаны, Бейнеу ауданы- Бейнеу ауылы, Қилыбай көшесі, Қарақия ауданы- Құрық ауылы, С.Датұлы көшесі автотұрақ алаңы, Жетібай ауылы, Жаңақұрылыс ш.а. әлеуметтік базар, Маңғыстау ауданы- Шетпе ауылы жәрмеңке алаңы, Мұнайлы ауданы- Батыр ауылы Самал ш.а. Түпқараған ауданы Ф.Шевченко қаласы, орталық алаң) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері мен көтерме жеткізушілер және шаруа қожалықтардың қатысуымен – 157 рет жәрмеңкелер өткізілді.
Ақтау қаласының әкімдігімен ағымдағы жылдың 4 сәуір күні Ақтау қаласы 26 шағын аудандағы азық-түлік жәрмеңкесінің сауда орны жаңартылып, жәрмеңке алаңы сөрелері, сыртқы қоршаулары жаңартылып жаңа жәрмеңке орнының ашылуы болды. Бұрын жәрмеңке сөрелері 40 сауда орыны болса, қазіргі таңда 80 орынға кеңейтілді. Жәрмеңкеге жергілікті тауар өндірушілер, көтерме жеткізушілер және шаруа қожалықтарға орын берілді.
Кәсіпкерлік қызметті қамтамасыз ету үшін инженерлік инфрақұрылым түрлері - 1. Су бұру; 2.Сумен жабдықтау; 3. Газдандыру; 4.Су таратқыштар; 5.Бу құбырлары; 6. Жылумен жабдықтау; 7. Су құбырлары; 8. Теміржол тұйықтары; 9. Кірме теміржолдар; 10. Телефон желілері; 11. Қосалқы электр станциялары; 12. Электр беру желілері; 13. Септиктер; 14. Бу-газ қондырғылары. Инженерлік инфрақұрылым түрлеріне өтінімді кәсіпкер толықтай автоматтандырылған "Kezekte.kz" веб-платформа арқылы немесе Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасына қағаз түрінде жолдайды.
Жергілікті тауар өндірушілер барма және тауар өндірушілерге көрсетілетін қолдаулар - Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында өңірдегі 22 жергілікті тауар өндіруші кәсіпорын, шаруа қожалықтары және өңірдегі ірі сауда орындарының арасында тауарларын кедергісіз сауда орындарына қою туралы меморандум жасалған. Сол меморандум аясында жергілікті өнім өндірушілер қазіргі таңда өз өнімдерін сауда орындарына өткізуде. Сонымен қатар, Сауда орындарына жергілікті өнім өндірушілерге арналған сөре арналып Маңғыстау жасалған және Қазақстанда жасалған белгілері орнатылған.