
"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 362-нқ бұйрығымен бекітілген тұрғындар күнделікті қолданатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі: 1.Бірінші сортты бидай ұны
2. Бірінші сортты бидай ұнынан жасалған нан (пішінді)
3. Рожки
4. Қарақұмық жармасы (дән)
5. Тазартылған күріш (домалақ дәнді)
6. Картоп
7. Асханалық сәбіз
8. Басты пияз
9. Ақ қауданды қырыққабат
10.Қызанақ ("шие", "жүзім" сорттарынан басқа)
11. Қияр ("корнишондар"сортынан басқа)
12. Алма
13. Ақ қант – құмшекер
14. Күнбағыс майы
15. Сүйегі бар сиыр еті
16. Сүйексіз сиыр еті
17. Тартылған ет
18. Қой еті, оның ішінде сүйексіз
19. Жылқы еті, оның ішінде сүйексіз
20. Жаңа ауланған, салқындатылған және мұздатылған балық (табан, мөңке, көксерке, тұқы, сазан)
21. Тауық еті (тауық жамбасы, сирағы, сан еті)
22. Тауық (ұшасы)
23. Майлылығы 2,2-6% пастерленген, ультра пастерленген, зарарсыздандырылған сүт дәмдік қоспалары жоқ (лактозасызды қоспағанда)
24. Майлылығы 2-3 % айран (лактозасызды қоспағанда)
25. Қаймақ (лактозасызды қоспағанда)
26. Майлылығы 5-9% сүзбе (лактозасызды қоспағанда)
27. Майлылығы 40-50% қатты, жарлытай қатты ірімшік
28. Сары май (тұздалмаған, майлылығы 72,5%-дан 80%-ға дейін, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)
29. Тауық жұмыртқасы (I санатты)
30. Қара шай (дәмдік қоспалары жоқ, пакеттелгендерден басқа)
31. Ac тұзы ("Экстра"-дан басқа)