Меню
Страницы

Маңғыстау облысының сұйытылған мұнай газына қажеттілігі

Маңғыстау облысының сұйытылған мұнай газына қажеттілігі

Өңірге айға бөлінген сұйытылған мұнай газ (бұдан әрі-СМГ) көлемі 18 000-19 000 мың тонна. Энергетика министрлігінің бұйрығына сәйкес 2025 жылдың 1 тамызынан бастап СМГ өнімінің бағасына өзгерістер енгізілді, Маңғыстау облысы бойынша ең төменгі баға 72 теңге, ал облыс орталығынан шалғай орналасқан аудандарда литріне 77 теңге болып бекітілді.

Басқа аймақтардағы баға:

Атырау, Ақтөбе облыстары – 85 -90 тг.;

Шымкент – 102 тг;

Павлодар облыстары 112-117 тг құрайды.

Қазақстан Республикасының Энергетика Министрлігінің хаттамасына сәйкес, Маңғыстау облысына 2026 жылдың II-тоқсан сәуір, мамыр айына 18 000 тонна және маусым айына 17 000 тонна СМГ бөлінді. Сонымен қатар, негізгі бөлінсі көлемі жетіспейтін болғандықтан, Маңғыстау облысы әкімдігі ҚР Энергетика министрлігінен қосымша СМГ көлемін сұратуға жүгінеді, қосымша 1500-2000 тонна СМГ бөлінеді. Жаңа бағаға өту кезінде, Маңғыстау облысы әкімдігі тарапынан кәсіпкерлермен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бағаны кезең-кезеңімен көтеру бойынша жұмыстар ұйымдастырылды, 2025 жылдың 7 тамызынан бастап Маңғыстау облысы жаңа бағаға көшті, облыс аумағында жаңа бағаға көшу кезінде тұрғындар тарапынан наразылықтар туындаған жоқ.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты