Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2025 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ақпараттық және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және тиімділігін бағалау қағидаларының» 9 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2025 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
  2. Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының жоспарлау және мемлекеттік қызметтер бөлімі осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Тізбені Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының интернет-ресурстарына орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

Басқарма басшысы                                                       П.Сансызбаев

 

Дата публикации
27 июня 2025