2025 жылғы 10 сәуірде Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында экспортқа бағытталған кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау мәселелеріне арналған семинар-кеңес өтті.
Іс-шара барысында экспорттаушыларды қолдаудың негізгі құралдары, оның ішінде экспорттық шарттарды және төлемдерді кейінге қалдыруды сақтандыру, айналым қаражатын тарту, екінші деңгейлі банктер арқылы шетелдік контрагенттерді қаржыландыру, халықаралық тендерлерге қатысу және сыртқы экономикалық қызметті ынталандырудың басқа да тетіктері қарастырылды.
Семинар-кеңеске «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Каспий» ӘКК» АҚ сияқты даму институттарының өкілдері, сондай-ақ Маңғыстау облысының өңдеуші өнеркәсібіндегі экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың өкілдері қатысты.