Ағымдағы жылдың 15-16 қарашасында Ақтау қаласында Түркия, Өзбекстан, Түрікменстан, Әзірбайжан және Иранның Бас консулдары үшін ақпараттық тур ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың 15-16 қарашасында Ақтау қаласында Түркия, Өзбекстан, Түрікменстан, Әзірбайжан және Иранның Бас консулдары үшін ақпараттық тур ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың 15-16 қарашасында облыс әкімінің шақыруымен Ақтау қаласында Түркия, Өзбекстан, Түрікменстан, Әзірбайжан және Иранның Бас консулдары үшін ақпараттық тур ұйымдастырылды.

Ақпараттық тур аясында облыс әкімінің орынбасары А. Өрісбаев бастаған делегация өңірдің бірқатар әлеуметтік маңызды нысандарын, атап айтқанда Ақтау қаласындағы көтерме-тарату орталығын аралап, аталған елдердің тауарлар жәрмеңкесін ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Сондай-ақ, делегация «Маңғыстау индустриалды паркі» және «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағына барды. Онда оларға инвестиция тарту және бірлескен кәсіпорындар құру мақсатында түрлі өндірістер ұсынылды.

Бұдан басқа, делегацияның «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында Маңғыстау облысының инвестициялық және туристік әлеуеті, сондай-ақ «Ақтау теңіз порты» АЭА қызметі таныстырылды. Таныстыру барысында елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

Ақпараттық тур барысында Түпқараған ауданына шолу ұйымдастырылды, онда Бас консулдарға ауданның табиғи және мәдени көрікті жерлері, соның ішінде көркем каньондар, бірегей шөлді ландшафттар және әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді тартатын қасиетті орындар таныстырылды.

Бұл іс-шара шетелдік консулдықтармен әріптестік байланыстарды нығайтудағы, сондай-ақ өңіріміздің инвестициялық және туристік әлеуетін ілгерілетудегі маңызды қадам болды.