2024 жылғы 13 қарашада Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары А. Өрісбаев пен Иран Ислам Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Ғоламреза Хашеми мырзамен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін, инвестициялық мүмкіндіктер мен екі ел арасындағы сауда қатынастарын дамыту бағыттарын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруда жаңа жетістіктерге жетіп, өңірдің экономикалық өсуі мен дамуының кепілі болатынына сенім білдірді.