2024 жылғы 5 қарашада Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары А. Урисбаев пен Қазақстандағы Еуропалық Одақ өкілдігінің ынтымақтастық бөлімінің басшысы Йоханнес Баурдың кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар экономикалық ынтымақтастық, инвестициялық мүмкіндіктер және өңірдің көлік-логистикалық әлеуеті мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі ынтымақтастықты дамытып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруды жаңа табыстарға жеткізіп, бұл өңірдің экономикалық өсуі мен дамуының кепілі болатынына сенім білдірді.