Ағымдағы жылғы 1 қарашада Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары А.Ж. Өрісбаев басқарған Маңғыстау облысының делегациясы Астана қаласындағы жаһандық инвестициялар бойынша Қазақстандық дөңгелек үстелге (KGIR-2024) қатысты. KGIR-2024 – ҚР Премьер-Министрінің басшылығымен өткен Қазақстан Республикасындағы негізгі инвестициялық оқиға. Алаңға экономиканың түрлі секторларындағы жетекші халықаралық және қазақстандық компаниялардың басшыларын қоса алғанда, 500-ден астам бизнес өкілдері жиналды. KGIR жұмысын аша отырып, Олжас Бектенов дөңгелек үстел Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Шетелдік инвесторлар кеңесі отырысының қисынды жалғасы болып табылатынын және бизнес-қоғамдастықпен тығыз диалог құруға бағытталғанын атап өтті. Премьер-министр ел үшін өнеркәсіпті дамыту маңызды басымдық болып табылатынын атап өтіп, шетелдік компанияларды қазақстандық бизнес-қоғамдастықпен тығыз әріптестікке шақырды. Маңғыстау облысы делегациясының құрамына мемлекеттік органдардың, «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ басшылары, сондай-ақ Маңғыстау облысының кәсіпкерлері мен кәсіпорындарының бірінші басшылары кірді. Маңғыстау облысынан барлығы 9 кәсіпорыннан тұратын делегация құрылды. Біздің өңірден дөңгелек үстелге «KazAzot Prime» ЖШС, «Hyrasia One» ЖШС, «Stellar Energy» ЖШС, «Qazaq LNG Mangistau» ЖШС, «Сталь-Трейд НС» ЖШС, «Gold Sunray Ecology» ЖШС және т.б. сияқты компаниялардың өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел аясында Маңғыстау облысының әкімдігі мен «Stellar Energy» ЖШС арасында «Маңғыстау облысында қуаты 20 МВт күн электр станциясының құрылысы» жобасын іске асыру бойынша, сондай-ақ «Gold Sunray Ecology» ЖШС-мен «Маңғыстау облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға арналған арнайы техниканы сұрыптау, өңдеу және алу кешенінің құрылысы» жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Сондай-ақ, іс-шара барысында Маңғыстау облысының аумағында жобаларды іске асыруға қызығушылық танытқан компаниялармен екіжақты кездесулер өтті.