2024 жылдың 9 қазанында Ақтау қаласында "Көміртексіз бейтараптық саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Қазақстан-Жапония семинары" өтті

2024 жылдың 9 қазанында Ақтау қаласында "Көміртексіз бейтараптық саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Қазақстан-Жапония семинары" өтті

Ағымдағы жылдың 9 қазан күні Ақтау қаласында «Көміртексіз бейтараптық саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Қазақстан-Жапония семинары» өтті. Іс-шара Жапонияның Ресеймен және жаңа тәуелсіз мемлекеттермен сауда қауымдастығы (РОТОБО) тарапынан Жапонияның Қазақстанға бизнес-миссиясы аясында ұйымдастырылды. Семинарға мемлекеттік органдардың және облыс кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Іс-шара екі ел өкілдері арасындағы тәжірибе алмасу және іскерлік байланыстарды нығайту үшін маңызды алаң болды. Семинар барысында жапон компаниялары энергетикалық ауысу, көміртексіз бейтарап қоғамды іске асыру бойынша негізгі презентациялар ұсынды. Сонымен қатар, бизнес-миссия барысында делегация «Ақтау теңіз порты» АЭА- ның жұмысымен танысу мақсатында барды.