2024 жылғы 7-8 қазан аралығында Нидерланды-Қазақстан бизнес қауымдастығының төрағасы Хэнк Нибур бастаған Нидерланды сауда миссиясының Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді.

Сапар аясында делегацияның Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Т.Әбішевпен кездесуі өтті. Кездесу барысында елдің транзиттік-логистикалық әлеуетін арттыруға арналған инвестициялық мүмкіндіктер, сондай-ақ шетелдік инвесторлар мен компанияларға мемлекет тарапынан ұсынылатын жағдайлар талқыланды.

Сонымен қатар, делегация танысу мақсатында «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» АҚ және «Құрық порты» ЖШС нысандарында барды және «Semurg Invest» ЖШС-нің бас директорымен кездесу өткізді.
Сапар қорытындысы бойынша, өңірдің қарқынды дамуы және одан әрі ынтымақтастық мүмкіндіктері атап өтілді. Облыс әкімінің орынбасары Т.Әбішев ұсыныстар мен жобаларды талқылауға дайын екенін атап өтті.