2024 жылғы 4 қазан күні Нидерланд Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Николаас Схермерс бастаған делегация Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді.

Ресми сапар аясында делегацияның Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары А.Өрісбаевпен кездесуі өтті, кездесу барысында экономикалық ынтымақтастық, инвестициялық мүмкіндіктер және өңірдің көлік-логистикалық әлеуеті туралы мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, делегация танысу мақсатында Транскаспий көлік бағытын дамытуда маңызды рөл атқаратын «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» АҚ мен «Құрық порты» ЖШС-на барды.

Сапардың қорытындысы бойынша тараптар одан әрі ынтымақтастықты дамытып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруды жаңа табыстарға жеткізіп, бұл өңірдің экономикалық өсуі мен дамуының кепілі болатынына сенім білдірді.