Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямада және БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Катаржина Ваверниянмен кездесті.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямада және БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Катаржина Ваверниянмен кездесті.

Маңғыстау облысында Жапония мен БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен жастарды дамытуға бағытталған жоба жүзеге асырылуда.

Ағымдағы жылдың 11 қазанында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямада және БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Катаржина Ваверниянмен кездесті.

Кездесуде Маңғыстау облысында Жапония Үкіметі мен БҰҰДБ қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Орталық Азиядағы зорлық-зомбылық экстремизмнің алдын алу мақсатында жергілікті қауымдастықтардың тұрақтылығын нығайту және өңірлік ынтымақтастықты дамыту» жобасының екінші кезеңі талқыланды.

Жиында Аббат Өрісбаев өңірдегі экономиканы дамытудың басым бағыттарын атап өтіп, облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың атынан аймақта іске асырылып жатқан жобалар үшін алғыс білдіріп, бұл бастамаларды одан әрі қолдауға дайын екенін жеткізді.

Маңғыстау облысында жүзеге асырылып жатқан жобаларға Жапония Үкіметі мен БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауы үшін ризашылық білдіреміз. Бұл бастамалар өңіріміздегі жастардың әлеуетін арттыруға және олардың экстремиизмге қарсы иммунитетін нығайтуға елеулі үлес қосуда. Жастарды қолдау, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту және кәсіпкерлік дағдыларын дамыту біздің басты басымдықтарымыздың бірі. Осы бағыттағы жобаларды қолдауға біз әрқашан дайынбыз, - деді Аббат Өрісбаев.

Маңғыстау және Қызылорда облыстарында жүзеге асырылып жатқан бұл жоба жастардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, экстремизмге қарсы иммунитетін нығайтуға және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Жоба аясында жастарға арналған жазғы лагерьлер, мамандарға арналған тренингтер, сондай-ақ инфрақұрылымдық нысандарды дамыту үшін жоспарлау-сметалық құжаттаманы әзірлеу сияқты түрлі іс-шаралар жүргізілуде.

Сонымен қатар, өңірде кәсіпкерлік дағдыларды дамыту және креативті индустриядағы стартаптарды қолдау бойынша білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарламаға 150 жас қатысуда, олар өз бизнес-идеяларын дамыту бойынша тренингтерден өтіп, инвесторлар алдында жобаларын таныстыратын болады.