Ағымдағы жылдың 24-26 сәуірінде Өнеркәсіптің жай-күйі туралы Ұлттық баяндаманы қалыптастыру шеңберінде «Атамекен» өңірлік Кәсіпкерлер палатасының алаңында Маңғыстау облысының индустриалдық-инновациялық даму басқармасының ұйымдастырумен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ-ның және өңірдің өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді.
Кеңес барысында өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында туындайтын жүйелік проблемалар мен тәуекелдерді анықтауға бағытталған өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына сауалнама жүргізу бойынша жұмыс түсіндірілді. Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған QazIndustry қызметінің негізгі бағыттары, оның ішінде мемлекеттік ынталандыру шаралары таныстырылды.
Жүргізілген сауалнаманың қорытындылары индустриялық дамуды бағалау және мемлекет Басшысын Қазақстан Республикасының аумағындағы өнеркәсіптің жай-күйі және Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдап жатқан шаралар туралы хабардар ететін Ұлттық баяндаманы қалыптастыру үшін негіз болады.
Бұдан басқа, мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін, оның ішінде Цифрлық стратегияларды әзірлеу бойынша егжей-тегжейлі түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін «Шыныпластикалық құбырлар зауыты» ЖШС, «Ақтау машина жасау зауыты» ЖШС-нің қызметімен танысты. Сондай-ақ, «Ақтау теңіз порты» АЭА қызметімен танысу мақсатында делегация АЭА аумағына барып, «Westecoplast» ЖШС, «EVEREST TECHNO» ЖШС - АЭА қатысушыларының нысандарын аралап, қолдау шараларын түсіндірді.