«Инновациялық қызмет туралы есеп» 1-инновация мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.

«Инновациялық қызмет туралы есеп» 1-инновация мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.

Маңғыстау облысының индустриалдық-инновациялық даму басқармасы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика Бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаментімен бірлесіп және 30 жуық мекемелердің қатысуымен ZOOM арқылы онлайн режимде «Инновациялық қызмет туралы есеп» 1-инновация мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.

Семинар барысында қатысушыларға инновациялық қызмет бойынша негізгі ұғымдар түсіндірілді, респонденттердің статистикалық есепті сапалы тапсыруы мақсатында статистикалық нысанның әрбір тармағы бойынша түсініктемелер берілді.

Семинар қорытындысы бойынша статистика бюросы департаментінің жауапты тұлғалары семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.