Маңғыстау облысының делегациясы Орынбордағы Ресей мен Қазақстан арасындағы XVIII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты

Маңғыстау облысының делегациясы Орынбордағы Ресей мен Қазақстан арасындағы XVIII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты

Маңғыстау облысының делегациясы Орынбордағы Ресей мен Қазақстан арасындағы XVIII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты

Бүгін Орынборда "Халықаралық саудадағы инфрақұрылымдық шектеулерді алып тастау” тақырыбында Ресей мен Қазақстан арасындағы XVIII өңіраралық ынтымақтастық форумы өтіп жатыр. Мұнда Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланады.

Аталған форумға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және РФ Президенті Владимир Путин бейнебайланыс режимінде қосылады. 

Іс-шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрдәулет Қилыбай және Ақтау қаласының әкімі Ербол Ізбергеновтің жетекшілігімен Маңғыстау облысының делегациясы қатысты. Делегация құрамында салалық мемлекеттік органдардың ресми өкілдері бар. 

Маңғыстау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Адайбек Қалиев өз сөзінде осы жиын ынтымақтастығымыздың өзекті мәселелерін талқылауға арналған ең ірі алаң және мүмкіндік болатынына сенім білдіретінін айтты.

“Қазақстан мен Ресей шекаралас болғандықтан, экономика мен көлік инфрақұрылымының әртүрлі салаларын дамыту бір-бірімен тығыз байланысты.

Маңғыстау облысы мықты транзиттік және көліктік-логистикалық әлеуетке ие.

Облыс арқылы "ТРАСЕКА", "Солтүстік – Оңтүстік" сияқты халықаралық көлік дәліздері және Транскаспий халықаралық көлік бағыты өтеді. Сондықтан бұл форум екі елдің транзиттік-көліктік әлеуетін дамытуға және ұзақ мерзімді және өзара тиімді әріптестік қатынастарды одан әрі нығайтуға зор үлес қосатынына сенімдімін”,- деді Маңғыстау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Адайбек Қалиев. 

Айта кетейік, аталған форум аясында Ақтау қаласының әкімі Ербол Ізбергенов және “Астрахань қаласы” муниципалитетінің басшысы Олег Полумордвинов қалалар арасында бауырластық қатынас орнату туралы меморандумға қол қояды.