Ағымдағы жылдың 30 қазанында Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен С.Ө. Трумов бастаған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің делегациясы келді.

Сапар аясында делегация «Kazakhstan Pipe Threaders» ЖШС премиум класты газ герметикалық бұрандалы қосындысы бар құбырлар шығаратын зауыт, «WestEcoPlast» ЖШС жұмсақ буып-түю ыдыстарын шығаратын зауыт, «CASPI BITUM» ЖШС битум шығаратын зауыт және «Ақтау теңіз сауда порты» ҰК» АҚ сияқты бірқатар нысандарды аралады.

Сапар барысында делегация кәсіпорындардың өндірістік мүмкіндіктерімен, технологиялық процестерімен танысты. Сондай-ақ, «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ алаңында «Ақтау теңіз порты» АЭА» тиімді қызметі және арнайы экономикалық аймақтарды одан әрі дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

Кеңес барысында ҰЭМ, ИИДМ, АШМ, «Ақтау теңіз порты» АЭА басшылығы баяндама жасады, сондай-ақ АЭА-ны одан әрі тиімді дамытуға қатысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттары тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берілді.