Маңғыстауда RHENUS логооператорлары тарапынан инвестиция тарту жайы талқыланды

Маңғыстауда RHENUS логооператорлары  тарапынан инвестиция тарту жайы талқыланды

Маңғыстауда RHENUS логооператорлары тарапынан инвестиция тарту жайы талқыланды

27 қазанда аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен немістің RHENUS компаниясы өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесуге RHENUS компаниясының басқару жобалары бойынша өкілі Генрих Керстгенс, RHENUS компаниясы басқармаларының коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Александра Огнева, RHENUS компаниясының Қазақстандағы филиалының басқарушысы Мейрат Назаралиев қатысты.

Аталған компания Rethmann Group компаниясының еншілесі болып табылады. Компания логистика секторында әуе және автомобиль жүктерін, кеме қатынасын қоса алғанда, өзге де көптеген салалар бойынша жұмыс істейді. Сонымен қатар, компанияның ұзақ және қысқа қашықтықтарға теңіз тасымалдауын ұйымдастыруда үлкен тәжірибесі бар.

Компания ірі заманауи қоймаларды салуға инвестиция салады.

Компанияның қазіргі айналымы 7 млрд еуродан асады, онда 37,5 мыңнан адам жұмыс жасайды, әлемнің 50 елінде 970 филиалы бар.

Өз кезегінде облыс әкімі өңірдің өзара тиімді жемісті ынтымақтастыққа дайын екенін, сондай-ақ кез келген ұсыныстар мен бизнес идеяларға ашық екенін баса айтты.

-Киелі Маңғыстау жеріне қош келдіңіздер! Сіздерді Қазақстанда көргенімізге қуаныштымыз және өңіріміздің дамуына қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс айтқым келеді. Осы орайда айта кететін жайт, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауларындағы тапсырмаларда айтылғандай біз инвесторларға барлық мүмкіндіктерді жасауға дайынбыз. Біздің кездесуіміз бен ой алмасуымыз өзара тиімді ынтымақтастық бойынша ұсыныстарды әзірлеуге көмектесетініне сенімдімін, – деді Нұрлан Ноғаев.

Басқосу кезінде тараптар тың ақпараттармен бөлісіп, серіктестікті нығайтуға келісті.