Жыл басынан бері Маңғыстау облысы мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы тауар айналымы 705,7 млн. АҚШ долларын құрады.

Бүгін, 13 шілдеде өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Тери Хакала бастаған делегацияны қабылдады.

Кездесу барысында инвестициялық мүмкіндіктер мен кәсіпкерлікті дамыту перспективалары, сондай-ақ Еуропалық Одақ елдері мен Маңғыстау облысы арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

Маңғыстау облысы - еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен модернизациясына қомақты үлес қосатын Қазақстанның жетекші өңірлерінің бірі.

Өңір Еуропа мен Азия арасындағы халықаралық маңызы бар қуатты транзиттік және көліктік-логистикалық әлеуетке ие.
Еуропалық Одақ Маңғыстау облысының сыртқы сауда байланыстарында да маңызды рөл атқарады.

2022 жылдың 5 айының көрсеткіші бойынша Маңғыстау облысы мен Еуропалық Одақ елдері (27 мемлекет) арасындағы жалпы тауар айналымы 705,7 млн. АҚШ долларын, оның ішінде экспорт - 680,2 млн АҚШ долларын, импорт - 25,5 млн АҚШ долларын құрады.

Кездесу соңында тараптар экономиканың түрлі салаларында нақты жобаларды іске асыру үшін ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.