Маңғыстау облысының әкімі Түркияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

Маңғыстау облысының әкімі Түркияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

     Ағымдағы жылдың 22-23 шілде аралығында Түркияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Экиджи Маңғыстау облысына ресми сапармен келді. Ресми сапар аясында Маңғыстау облысының әкімі С.Трумовпен кездесу өтті, оның барысында тараптар Маңғыстау облысы мен Түркия Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық және туризм саласындағы мәселелерді талқылады. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайындығын атап өтті. Сонымен қатар, Түркияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Экиджи Маңғыстау облысының сауда-экономикалық әлеуетімен танысу мақсатында «Құрық порты» ЖШС-на барды. Бүгінде Маңғыстау облысында түрік капиталының қатысуымен 86 кәсіпорын бар. 2021 жылдың 5 айында Маңғыстау облысы мен Түркия арасындағы жалпы тауар айналымы 41 млн. АҚШ долларын құрады. Сондай-ақ, өңірде түрік инвесторларының қатысуымен 2020 жылы «Rixos Water World Aktau» көпфункционалды туристік-қонақ үй кешенінің      бірінші кезеңі іске асырылды. Ағымдағы жылдың шілде айында «Тақырыптық ойын-сауық паркі» іске қосылды. 2021 жылдың соңына дейін «Гольф-клуб. Виллалары бар Гольф-қонақ үй» және «Town Center» Сауда орындары» жобаларын іске қосу жоспарлануда.