2021 жылғы қаңтар-маусымдағы өнеркәсіп бойынша ақпарат

2021 жылғы қаңтар-маусымдағы өнеркәсіп бойынша ақпарат

     Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы деректері бойынша 2021 жылғы қаңтар – маусымда облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары қолданыстағы бағаларда 1320,4 млрд. теңгеге өнім өндірді, өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі (бұдан әрі-НКИ) 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 94,1% - ды құрады. Оның ішінде:

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда (өнеркәсіп құрылымындағы үлесі - 87,9%):

Өндіріс көлемі 1161,9 млрд. теңге, НКИ – 92,3%.

Мұнай өндіру көлемі 8193,6 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне – 96,0% - ды құрады.

Табиғи газды өндіру көлемі–1387,1 млн.текше метр, немесе 94,7%.

Өңдеу өнеркәсібінде (өнеркәсіп құрылымындағы үлесі - 6,4%).

Ағымдағы жылы өңдеу өнеркәсібінде оң динамика байқалады. Қаңтар – маусым аралығында сала өндірісінің көлемі 85,1 млрд.теңгені құрады, НКИ – 104,6%.

Есепті кезеңде өндіріс көлемінің өсуі өңдеу өнеркәсібінің келесі кіші салалары бойынша байқалады:

- азық-түлік өнімдері өндірісінде, НКИ – 115,4%;

- мұнай өңдеу өнімдерін өндіруде, НКИ – 107,5%;

- өзге металл емес минералды өнімдер өндірісінде, НКИ – 133%;

- металлургия өнеркәсібінде, НКИ – 107,2%;

- машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдары өндірісінде – 102,7%;

Есепті кезеңде өндіріс көлемінің өсуі өңдеуші өнеркәсіптің мынадай кәсіпорындарында байқалады:

      "CASPI BITUM" БК " ЖШС, "Каспий Цемент" ЖШС, "Шыны пластик құбырлар зауыты" ЖШС, "КИС-Ақтау" ЖШС, "Куду Индастриз Қазақстан" ЖШС, "Ақтау трансформатор зауыты" ЖШС, "Maga-bread" ЖШС," Millina Food Production сомраnи LTD" ЖШС," KazTrub-Industries "ЖШС LLP,"Сага Аташ" ЖШС.